Ауыл халқы өртеніп кеткен үйдің тұрғындарына баспана алып берді

Ауыл халқы өртеніп кеткен үйдің тұрғындарына баспана алып берді

Ауыл халқы өртеніп кеткен үйдің тұрғындарына баспана алып берді
ашық дереккөзі
260
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданына қарасты Төменарық елдімекенінің халқы өртеніп кеткен үйдің тұрғындарына жаңадан баспана сатып алып берді, – деп жазды ҚазАқпарат. Кеше кешкісін Төменарық елдімекенінде тұрғын үй толықтай жанып кетті. Өрттің шығуына электр жүйесінің тұйықталуы әсер еткен. Аудандық өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтағанымен, үй тұруға жарамсыз болып қалған. Жалынға оранған үйде барлық мүлік пен құжаттар түгел жанып кетті. «Сол үйдің тұрғыны Мырзабек Жиенбаевтың сыныптас достары және ауылдастары екі күннің ішінде алыс-жақындағы ағайыннан 4 млн теңгеден аса қаржы жинап үлгерді. Жиналған қаржыға елді мекеннен басқа жаңа үй сатып алынды. Қаржының қалғаны отбасының өзге қажеттілігіне жаратылатын болды. Бұл игілікті іске ауыл әкімі Нұркен Қошқарбеков, аудандық мәслихат депутаты Нарымбет Көлжанов және өзге де белсенді азаматтар ұйытқы болды», – деп жазды ауыл тұрғыны, жергілікті журналист Нұрлат Байгенже.

Серіктес жаңалықтары