20158
COVID-19: Қазақстан төрт түрлі вакцинаны сынақтан өткізуде
COVID-19: Қазақстан төрт түрлі вакцинаны сынақтан өткізуде
Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және техниканы сараптау ұлттық орталығының бас директоры Арнұр Нұртаев COVID-19 вакцинасының 4 нұсқасы сынақтан өткізіліп жатқанын айтты.
Денсаулық сақтау министрлігінің Facebook парақшасында сарапшы: «Біз үміт артып отырған төрт вакцина таңдалды. Оның екеуін Ұлттық биотехнология орталығы, тағы екеуін Биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу институты әзірледі. Бұл вакциналарды әзірлеу жұмысы едәуір уақытты алады. Дайындау мен сынақтан өткізу уақыты үш жылға дейін созылады. Қазірдің өзінде жұмыс басталып кеткенімен отандық вакцина қашан дайын болуы мүмкін деген сұрақтың барын білеміз. Біздің ойымызша бұған үш жыл керек», – деп атап өтті.
Ұлттық орталық жетекшісі қазіргі таңда Қытай мен Еуропадағы әртүрлі компаниялар жеті вакцина әзірлеп жатқанын жеткізді, бұл вакциналар клиникалық сынақтан өтуде.
Оның айтуынша, әлемде жасалып жатқан бұл вакциналар бір жарым жылдың ішінде дайын болады.