- санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, сағат 05.00-ден 22.00-ге дейін адамдар көп жиналмай, аула маңы аумағында жаяу серуендеуге (қол алысып амандаспау, кемінде екі метр қашықтықты сақтау, міндетті түрде бетперде кию және антисептикті пайдалану);
- саяжай учаскелеріне бару, 5 адамнан артық болмайды (өз балаларымен, туысқандарымен);
- Теміртаудан басқа, облыстың барлық аумағында жекемашиналарда рұқсат етілген қызмет түрлері бойынша жүруге болады. 22.00-ден 05.00-ге дейін жүруге тыйым салынады. Теміртауда жеңіл автокөлікте таңертең, сағат 05.00-ден 10.00-ге дейін және кешкісағат 17.00-ден 22.00-ге дейін, үйден жұмысқа дейін және кері қарай рұқсат етілген қызмет түрлері бойынша ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлеріне жүруге болады. Қоғамдық көлік қала ішінде таңертең сағат 07.00-ден 10.00-ге дейін және кешке сағат 17.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейтін болады.
Қарағанды облысында карантин режимі жеңілдетілді

Қарағанды облысында карантин режимі жеңілдетілді
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесінен соң Қарағанды облысында карантин режимі жеңілдетілді. Теміртауда ерекше жағдай сақталуда, карантиндік шаралар санын ішінара төмендету жоспарланып отыр. Бұл туралы Тауарлар мен қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Қанат Асқаров мәлімдеді.
Металлургтер қаласында қатаң санитарлық нормаларды сақтай отырып, тек құрылыс нысандары, ТҚС, шинамонтаждау, көлік жуу орындарына ғана жұмыс істеуге рұқсат етілген.
Қарағанды облысының басқа қалалары мен аудандарына келетін болсақ, жеңілдіктер тұрғындарға саяжай учаскелеріне шығуға мүмкіндік береді, қоғамдық көлік жұмысын бастайды, өнеркәсіптік кәсіпорындардың, сондай-ақ бірқатар қызмет көрсету нысандарының қызметіне рұқсат береді.
Мысалы, тұрғындарға келесідей әрекеттерге рұқсат етіледі: