Көктемгі егіс науқанына ешқандай кедергі болмауы қажет – Қасым-Жомарт Тоқаев

Көктемгі егіс науқанына ешқандай кедергі болмауы қажет – Қасым-Жомарт Тоқаев

Көктемгі егіс науқанына ешқандай кедергі болмауы қажет – Қасым-Жомарт Тоқаев
ашық дереккөзі
255
Көктемгі егіс науқанына және өнімді алдын ала сатып алуға 200 миллиард теңге бөлінді. Бұл туралы бүгінгі мәлімдемесінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.  «Ауыл шаруашылығы еңбеккерлері қиындыққа қарамастан жұмыс істеуде. Шаруалардың еңбегіне дән ризамыз. Көктемгі егіс науқаны мәселелері шешімін тапты. Бұл жұмысқа ешқандай кедергі болмауы керек. Ауыл шаруашылығы министрлігіне және әкімдерге осындай міндет жүктеледі. Осы науқанға және өнімді алдын ала сатып алуға 200 миллиард теңге бөлінді. Соның 70 миллиарды тұқым өндірісін дамытуға, тыңайтқыштар сатып алуға жұмсалады. Жалпы, азаматтар мен бизнесті қолдау үшін 6 триллион теңгеге жуық қаржы бөлініп отыр. Бұл – қомақты қаражат. Үкімет пен құзырлы органдардың міндеті – қаржының тиімді жұмсалуын және осы үдерістің барынша ашық болуын қамтамасыз ету», – деді Президент Қ.Тоқаев. Президент қол жеткізген нәтижемен шектелуге болмайтынын және қалыптасқан ахуал әлі де күрделі екенін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары