445
4 миллион 250 мың қазақстандыққа қаржылай көмек көрсетілді
4 миллион 250 мың қазақстандыққа қаржылай көмек көрсетілді
Бүгінгі күні 4 миллион 250 мың азаматқа қаржылай көмек көрсетілді. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.
«570 мыңнан астам адамға азық-түлік таратылды. Жалпы, 1,1 миллионнан астам адамды азық-түлікпен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. Елбасының бастамасымен құрылған «Біргеміз» қорынан қаржы бөлінді. «Nur Otan» партиясы белсенді жұмыс атқаруда. Сәуір-мамыр айларында 1,6 миллионнан астам адамға коммуналдық төлем үшін көмек көрсетіледі. Азық-түліктің жеткілікті болуына және оның сапасына қатысты ұдайы мониторинг жүргізілуде. Елімізде азық-түлік тапшылығы жоқ. Жергілікті билік органдары әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын бақылауда ұстап отыр», – деді Президент.
Сонымен қатар, әлеуметтік және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етіп, халықтың табысын сақтау үшін де арнайы шаралар қабылданып жатқанын атап өтті.