351
Мемлекеттік қолдауға қандай компаниялар ие болады – Мемлекет басшысы түсіндірді
Мемлекеттік қолдауға қандай компаниялар ие болады – Мемлекет басшысы түсіндірді
Мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетін ірі компаниялардың тізімі жасалуда. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі мәлімдемесінде аталмыш тізімге қандай компаниялар енетінін айтты.
«Бүгінде шағын және орта бизнес күрделі жағдайға тап болды. Осы салаға қазір көмектеспесек, экономиканы қалпына келтіре алмаймыз. 700 мыңнан астам компания мен жеке кәсіпкерге салықтық жеңілдіктер жасалды. Сол арқылы олар 1 триллион теңгеге жуық қаржыны үнемдей алады. Шағын және орта бизнеске тиімді несие беру үшін қаражат бөлінді», - деді ҚР Президенті.
Қасым-Жомарт Тоқаев жұмысшы санын және еңбекақы көлемін азайтпау мақсатында ірі компанияларға тиісті қолдау көрсетілетінін жеткізді. «Қазір олардың тізімі жасалуда. Оған ел экономикасы үшін аса маңызды компаниялар ғана енгізіледі»,- деді Мемлекет басшысы.