253
Карантин: Италия премьері 4 мамырдан бастап қандай шектеулер алынатынын айтты
Карантин: Италия премьері 4 мамырдан бастап қандай шектеулер алынатынын айтты
Италия карантин шараларын жеңілдетуге кірісті. Елдің премьер-министрі Джузеппе Конти 4 мамырдан бастап елде кейбір шектеулер ішінара алынып тасталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды ВВС.
Үкімет басшысының айтуынша, Италияда тамақтанатын орындар мен мейрамханалар тамақ сата алады, қазір оларға тек үйге тапсырыс беруге рұқсат етілген. Ал мектептер қыркүйекте дейін ашылмайды.
Джузеппе Конти "стратегиялық маңызы бар" өнеркәсіп орындары осы аптадан бастап жұмысына кірісе алатынын жеткізді. Ол үшін жергілікті биліктің рұқсатын алу қажет. Десе де, премьер-министр індеттің екінші толқыны басталуы мүмкін екенін ескертіп, барлық кәсіпорындарды санитарлық талаптарды қатаң сақтауға үндеді.
Тағы бір айта кетерлігі, италиялықтар бұрынғысынша елдің аумағында саяхаттай алмайды, бірақ оларға қаладан қалаға бір провинция шегінде баруына рұқсат етіледі. Туған-туыстарына шағын топпен тек маска киіп баруы керек. Сондай-ақ, саябақтар да ашылады, бірақ онда көп адамның жиналуына тыйым салынады.
Соңғы дерек бойынша, Италияда коронавирус жұқтырғандардың саны 198 мыңға жетіп жығылды. Індеттен 64 928 адам емделіп шықты. 26 644 адам көз жұмды.