Ухань ауруханаларында коронавирусқа шалдыққан бірде-бір науқас қалған жоқ

Ухань ауруханаларында коронавирусқа шалдыққан бірде-бір науқас қалған жоқ

Ухань ауруханаларында коронавирусқа шалдыққан бірде-бір науқас қалған жоқ
ашық дереккөзі
282
Коронавирустың таралу ошағы саналатын Қытайдың Ухань қаласында індет жұқтырған науқастардың барлығы дертінен айығып, ауруханадан шықты.  Бұл туралы Қытайдың Денсаулық сақтау жөніндегі Ұлттық комитетінің өкілі Ми Фэн мәлімдеді, деп хабарлайды «Синьхуа» агенттігі. Оның айтуынша, мұндай нәтижеге Уханьдағы медицина қызметкерлерінің және бүкіл елден көмек көрсетуге жіберілген адамдардың қажырлы күш-жігерінің арқасында қол жеткізілді. Еске сала кетейік, жуырда Ухань қаласының билігі коронавирустан қаза тапқандар статистикасына өзгерту енгізді. Жаңа статистика бойынша қаладағы індет құрбандарының саны 1290 адамға артып, 3869-ға жетті. Ал вирус жұқтыру деректерінің саны 325-ке көбейіп, 50 333-ті құрады. Нәтижесінде Қытайда эпидемия басталғалы бері тіркелген науқастардың жалпы саны 82 692-ге, ал коронавирустан қайтыс болғандар саны 4632-ге жетті.    

Серіктес жаңалықтары