232
Италия жыл соңына дейін шетелдік туристерге шекарасын ашпайды
Италия жыл соңына дейін шетелдік туристерге шекарасын ашпайды
Италия 2020 жылдың соңына дейін шетелдік туристерді кіргізбейді. Бұл туралы елдің мәдениет және туризм министрі Дарио Франческини мәлімдеді, деп хабарлайды La Repubblica.
— Шекараның ашылуы елдегі эпидемиологиялық жағдайға және өзге мемлекеттердің саяси ұстанымдарына байланысты болмақ, — деді Франческини.
Сондай-ақ, министр мамыр айында Италияда Колизей, Помпеи және өзге де тарихи-мәдени орындар ашылатынын жеткізді.
Соңғы дерек бойынша, Италияда 195 351 адам коронавирус жұқтырған. Науқастардың 63 120-і емделіп шықты. Ал 26 384 адам көз жұмды.
Айта кетейік, әлем бойынша қатерлі вирус 2,9 млн адамнан анықталды. Олардың 203 мыңға жуығы қайтыс болды.