COVID-19: Қазақстанның барлық өңірінде індет жұқтырғандардың өлім себебін зерттейтін комиссиялар құрылды
COVID-19: Қазақстанның барлық өңірінде індет жұқтырғандардың өлім себебін зерттейтін комиссиялар құрылды
Қазақстанның барлық өңірінде коронавирус жұқтырған науқастардың өлім себебін зерттеу жөніндегі комиссиялар құрылды, деп хабарлайды Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің тапсырмасы бойынша Қазақстанның барлық өңірінде Денсаулық сақтау басқармалары жанынан коронавирусты жұқтырған науқастардың өлім себебін зерттеу жөніндегі комиссиялар (ӨЖЗК) құрылды.
Комиссия науқас өлімінің тікелей себептерін анықтау үшін медициналық құжаттамаға талдау жүргізеді.
«Арқалықта үйінде көз жұмған 84 жастағы пациентке қатысты талдау жұмыстары 27 сәуірде жүргізіледі. Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша пациент өлімінің тікелей себебі анықталады. Бүгінде науқас туралы барлық қажетті медициналық құжаттар Арқалық қалалық емханасынан және облыстық жедел жәрдем қызметінен сұратылған», - делінген хабарламада.
ӨЖЗК жұмысының нәтижелері кейінірек қосымша жарияланады.