360
11 мамырдан бастап Францияда карантин режимі жеңілдетіледі
11 мамырдан бастап Францияда карантин режимі жеңілдетіледі
11 мамырдан бастап Францияда шектеу шараларының бірқатары алынбақ. Осыған байланысты ел билігі аптасына 700 мыңнан астам тест жүргізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Францияның денсаулық сақтау министрі Оливье Веран мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, бұл шара елде коронавирусты жұқтырғандарды дер кезінде анықтап, індеттің таралуына тосқауыл қоюға септігін тигізбек.
Соңғы дерек бойынша, Францияда коронавирус жұқтырғандар саны 124 114-ке жетті. Індет жұқтырғандардың 44 594-і емделіп шықса, 22 614-і көз жұмды.
Айта кетейік, Қазақстанда 2601 адамнан коронавирус анықталды. Вирус жұқтырғандардың 646-сы дертінен айықты. 25 науқас көз жұмды.