СҚО-ға Ресейден 145 қазақстандық студент жеткізілді

СҚО-ға Ресейден 145 қазақстандық студент жеткізілді

СҚО-ға Ресейден 145 қазақстандық студент жеткізілді
ашық дереккөзі
350
Қазақстандық 145 студент Ресейдің Түмен қаласынан Солтүстік Қазақстан облысына келді. Бұл туралы өңірлік тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Департаменттің мәліметінше, 77 студент шекарада тексеруден өткен (оның 54-і СҚО-дан, 15-і Қарағанды, 5-і Түркістан, 2-і Алматы облысынан және 1-і Шымкент қаласынан). "Студенттердің барлығы Петропавл қаласы мен облыс аудандарындағы карантиндік ауруханаларға орналастырылды. 25 сәуірдегі жағдай бойынша азаматтардан алынған COVID-19 зертханалық сынамасының нәтижелері теріс болып шықты. Қазіргі уақытта олардың қатарындағы кейбір азаматтар үй карантинінде жатыр", – делінген баспасөз хабарламасында. Солтүстік Қазақстан облысының шекаралас аймақтарында тұратын қалған 68 студент тұрғылықты жеріне жіберіледі және міндетті түрде тексеріліп, үй карантинінде болады.

Серіктес жаңалықтары