300
Шығыс Қазақстан облысындағы орман өрті сөндірілді
Шығыс Қазақстан облысындағы орман өрті сөндірілді

«Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағындағы қарағайлы орман өрті сөндірілді. Бұл жайында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметінен мәлімдеді.
«Өрт сағат 19-00-де сөндірілді. Қызыл жалын шарпыған аумақ 3 948 гектарды құрайды. Өртті сөндіруге жұмылдырылған Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары мен құралдары тұрақты орналасқан жеріне жөнелтілуде», – деді комитеттен.