233
Павлодарда 14 жастағы қыздан коронавирус анықталды
Павлодарда 14 жастағы қыздан коронавирус анықталды
Павлодар облысында бүгін сағат 17:45-тегі мәлімет бойынша, тағы бір адамнан коронавирус анықталды.
Павлодар қаласында тұратын 2006 жылғы қыз бала ЖРВИ диагнозына тексерілген, бүгін короновирус инфекциясы табылды.
Қазіргі уақытта байланыста болуы мүмкін адамдар тобы анықталып жатыр, оларды оқшаулау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Эпидемияға қарсы шаралар қолға алынған.
Бүгінгі жағдай бойынша Павлодар облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 89 адам тіркелген.