297
COVID-19: карантинге жабылған 64 кеншінің анализ нәтижесі шықты
COVID-19: карантинге жабылған 64 кеншінің анализ нәтижесі шықты
Қапшағай қаласының маңындағы демалыс орындарының біріне орналастырылған Теңіз кеніші қызметкерлері COVID-19 инфекциясына анализ тапсырған болатын. Бүгін сол зерттеулердің қорытындысы белгілі болды. 64 азаматтың барлығының қорытындысы таза болып шықты, – деп хабарлады Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Екі күн карантинде болған Алматы облысының тұрғындары бүгін арнайы көліктермен тұрғылықты жеріне жеткізіледі.
Еске салсақ, кеше «Атырау – Алматы» әуе рейсімен келген «Теңізшевройл» ЖШС-да жұмыс істейтін Алматы облысының 64 тұрғыны Қапшағай маңындағы «Күншуақ» демалыс орнына орналастырылып, карантинге алынған болатын.