Шұғыл штаб коронавирус жұқтырғандар туралы мәлімет берді

Шұғыл штаб коронавирус жұқтырғандар туралы мәлімет берді

Шұғыл штаб коронавирус жұқтырғандар туралы мәлімет берді
ашық дереккөзі
221
Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 5 адам туралы мәлімет берді. Вирус жұқтырған 1996, 1993, 1967 жылы туған ер азаматтар мен 1991,1966 жылы туған әйел адамдар. Олар вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болғаны үшін карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысы COVID-19 диагнозын нақтылады. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Олармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. 25 сәуірдегі жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 146 адам анықталды.

Серіктес жаңалықтары