248
Бүгін республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады
Бүгін республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады
Қазгидромет 25 cәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынады.
Республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты республиканың кей жерінде найзағаймен бірге жаңбыр, солтүстікте, солтүстік-батыста және батыста жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, дауыл, тұман, желдің күшеюі күтіледі.
Ақмола облысының кей жерінде түнде тұман күтіледі, таңертең және күндіз жел 15-18 м/с күшейеді.
Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Түркістан, түнде Атырау облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Түркістан облысының кей жерінде дауыл күтіледі.
Қызылорда облысының кей жерінде тұман күтіледі.
Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қостанай облысының кей жерінде тұман күтіледі.
Күндіз Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, түнде Павлодар облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с күшейеді.