Азық-түлік бағасын көтерген кәсіпкерлер жазаланды

Азық-түлік бағасын көтерген кәсіпкерлер жазаланды

Азық-түлік бағасын көтерген кәсіпкерлер жазаланды
ашық дереккөзі
311
Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен қаладағы кәсіпкерлік нысандарындағы заңбұзушылықтар туралы айтты. «Төтенше жағдай кезінде кейбір кәсіпорындар тарапынан ереже бұзу жағдайын анықтаудамыз. Қалада күн сайын қызметіне рұқсат етілген нысандардың санитарлық нормаларды орындауына қатысты полицейлер волонтерлермен және әкімдік өкілдерімен бірлесіп, рейд жүргізуде», – деді Б.Мәкен. Оның сөзіне қарағанда, тиісті мерзімде санитарлық нормалардың сақталмауына орай 15 нысанның қызметі уақытша тоқтатылды. «Әкімдіктің мобильді топтары тұрақты түрде әлеуметтік маңыздағы азық-түлік бағасының негізсіз өсуі мен санитарлық нормаларды орындамау фактілерін анықтауға қатысты рейд жүргізеді. Бағаны негізсіз өсірген бірқатар кәсіпкер жазаланды. Супермаркет басшылары әкімшілік жазаға тартылды, айыппұл сомасы 100 айлық есептік көрсеткішті құрайды», – деді Б.Мәкен. Бұдан бұрын хабарланғандай, 20 сәуірден бастап өнеркәсіптік әрі индустриалдық кәсіпорындардың жұмысы жанданды. Бұл секторда 20 мыңнан астам адам жұмысқа кірісті. Сонымен қатар, құрылыс саласында 40 мыңға жуық адам жұмысын жалғастырды.

Серіктес жаңалықтары