Таразда ауруханадан қашпақ болған ер адам оқыс жағдайда көз жұмды

Таразда ауруханадан қашпақ болған ер адам оқыс жағдайда көз жұмды

Таразда ауруханадан қашпақ болған ер адам оқыс жағдайда көз жұмды
ашық дереккөзі
169
Жамбыл облысында провизорлық стационарда жатқан адамның жөнсіз әрекеті қайғылы жағдайға әкеп соқты. Бұл туралы Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.  21 сәуір күні провизорлық стационарға жедел респираторлы ауру, коронавирус инфекциясына күдікпен ішімдікке тойып алған науқас түсті. Оны «Ауыл-Береке» базарының маңында ес-түссіз және мас күйінде жатқан жерінен жедел жәрдем тобы емханаға жеткізген. Темпаратурасы 38 градусқа дейін көтерілген азаматтан КВИ инфекциясына қан талдауы алынып, науқас ауруханаға жатқызылды, қажетті ем-шара жасалды. Сонымен қатар, оның наркологиялық есепте тұрғаны, ішімдікке әуес екені және бұрын сотталғаны анықталды. 22 сәуір күні таңертең оянған ер адам ашулы болды. Палатада медбике мен санитарды итеріп жіберіп, жасырын түрде медициналық мекемеден қашып кетпекке әрекет жасайды. Ол екінші қабат терезесінің жақтауына шыққан бетте абайсызда асфальтқа құлап кеткен. Реанимациялық әрекеттер көмектеспеді, науқас көз жұмды. Медицина мекемесінің хабарлауынша, коронавирус инфекциясына тапсырылған қан талдауы теріс нәтиже көрсеткен.  

Серіктес жаңалықтары