Бауыржан Байбек 4 күн бойы жарықсыз отырған елді мекеннің мәселесін шешуді тапсырды

Бауыржан Байбек 4 күн бойы жарықсыз отырған елді мекеннің мәселесін шешуді тапсырды

Бауыржан Байбек 4 күн бойы жарықсыз отырған елді мекеннің мәселесін шешуді тапсырды
ашық дереккөзі
281
Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек 4 күннен бері жарықсыз отырған елорда іргесіндегі Лесная поляна елді мекені тұрғындарының мәселесі шешілуін бақылауға алуды тапсырды. «Партияның Ақмола облыстық филиалының басшылығы қалыптасқан ахуалды таразылап, жергілікті атқару органдарымен бірлесіп мәселені жүйелі түрде шешу шараларын тұжырымдауы қажет. Адамдар әлдебіреудің салғырттығы салдарынан зиян шекпеуі тиіс, әсіресе Төтенше жағдай кезінде мұндайға тіпті де жол беруге болмайды. Партиялық бақылау комитеті бұл мәселені ерекше бақылауға алады», – деп жазды Б.Байбек Facebook-тегі парақшасында. Еске сала кетейік, бұған дейін «Хабар 24» арнасы Лесная поляна елді мекенінде 4 күн бойы жарық  сөніп қалуына байланысты жергілікті  тұрғындар көшеге шығып, наразылық танытқанын хабарлаған. Тұрғындардың айтуынша, коммуналдық төлемдер уақытында жасалады. Бірақ электр жарығына қатысты мәселе түбегейлі шешілмеген. Ал жергілікті пәтер иелері кооперативі кабельдік желі істен шыққанын алға тартады.      

Серіктес жаңалықтары