Nur Otan партиясы Орталық аппаратының жетекшісі Ильяшевтің ұсталуына қатысты пікір білдірді

Nur Otan партиясы Орталық аппаратының жетекшісі Ильяшевтің ұсталуына қатысты пікір білдірді

Nur Otan партиясы Орталық аппаратының жетекшісі Ильяшевтің ұсталуына қатысты пікір білдірді
ашық дереккөзі
345
Nur Otan партиясы Орталық аппаратының жетекшісі Әнуар Өскенбаев Әлнұр Ильяшевтің қамауға алынуын Nur Otan партиясымен байланыстырған азаматтардың пікіріне жауап берді.  «Партия хатшысы Арман Қырықбаев хабарлағандай, өткен жылы нұротандықтар жалған ақпарат таратқаны үшін Ильяшев, Закирова және Тұрымбетовтің үстінен азаматтық шағым түсірген болатын. Сот айыпталушыларды кінәлі деп тауып, моральдық шығын төлеп, кешірім сұрауға міндеттеді. Сот шешімінің орындалуын заң жүзінде сот орындаушысы бақылайды. Үкім 2019 жылдың 18 қарашасында, яғни төтенше жағдай жарияланғаннан біршама уақыт бұрын шықты. Одан кейін құқық қорғау органдарына партия тарапынан Ильяшев пен өзге азаматтардың үстінен ешқандай арыз-шағым түсірілген жоқ», – деп жазды Ә.Өскенбаев Faсebook-тегі парақшасында. Сондай-ақ, партия Орталық аппаратының жетекшісі Ильяшевке қатысты іс Nur Otan-ның шағымы бойынша емес, айыпталушының төтенше жағдай кезінде Faсebook-те жариялаған жазбаларына байланысты қозғалғанын атап өтті. Әнуар Өскенбаевтың айтуынша,  Әлнұр Ильяшев Қылмыстық кодекстің 274-бабының 4-тармағы 2-бөлімі бойынша, атап айтқанда, төтенше жағдай кезінде қоғамдық тәртіпке, азаматтардың заңды және құқықтың мүдделеріне, ұйымдарға, мемлекетке қауіп төндіретін көпе-көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін айыпталып отыр. «Қаулы қорытындысында партия жәбірленуші ретінде көрсетілмеген. Сондықтан Әлнұр Ильяшевтің ұсталуына Nur Otan-ның қатысы жоқ», – деп жазды Әнуар Өскенбаев.  

Серіктес жаңалықтары