262
Ауруханада жатқан бұрынғы вице-министр қазақстандықтарға үндеу жасады
Ауруханада жатқан бұрынғы вице-министр қазақстандықтарға үндеу жасады
Коронавирусқа шалдығып, ауруханаға түскен бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров қазақстандықтарға үндеу жасады.
«Өздеріңіз білетіндей, мен қазір елордадағы стационарлардың бірінде ем алып жатырмын. Бұл жаңалық осындай шу туғызады еп ойламаппын да. Қолдау көрсетіп, көп хабарлама жазғандарыңызды көрдім. Бұл, әрине, маған күш береді, сіздерге рақмет!
Қуанышқа орай, ауру жеңіл түрде өтіп жатыр. Дәрігерлерімз бар күшін салып, кәсіби тұрғыда жұмыс істеп жатыр. Оларға рақмет, бас иемін, олар нағыз батырлар!», – деп жазды ол Facebook желісіндегі парақшасында.
«Бүгін Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы болып жұмысқа бастауым керек болатын. Жазылған соң бірден қызметке кірісіп, маған сеніп тапсырылған аймақта жұмыс істеуге дайынмын. Әзірге қашықтан жұмыс істеймін.
Қазақстандықтарға тағы да айтқым келеді! Вирус біз ойлағаннан да қатыгез. Ол ағзада білінбей жататындықтан, диагностиканы қиындатады. Сондықтан сақтық шараларын сақтап, толықтай оқшауланыңыз. Өзіңізді күтіңіз!», – деп жазды Надыров.