235
Футзалдан Қазақстан чемпионаты қашан жалғасады?
Футзалдан Қазақстан чемпионаты қашан жалғасады?
Қазақстан футбол федерациясы футзал департаментінің директоры Асқар Әбілдаев 2019/20 маусымындағы ел чемпионаты қашан жанданатын айтты.
Instagram желісіндегі тікелей эфирде А.Әбілдаев біріншілікті алдын ала аяқтау жоспарда жоқ екенін, себебі Чемпиондар лигасына кім баратынын анықтау міндеті тұрғанын алға тартты, деп хабарлайды vesti.kz.
«Қазақстан ішіндегі чемпионат қана тоқтатылған жоқ, бүкіл әлемде солай. Беларусь қана ойнап жатыр. Ал Қазақстан чемпионаты қанша уақытқа тоқтатылғаны белгісіз. Бізде маусымды жалғастырудың үш жолы болған, бірақ карантин ұзартылды. Сондықтан тамызға болжап отырмыз. Ол уақытқа дейін бәрі реттелер. Бұл чемпионатты міндетті түрде аяқтаймыз, спортық қағида болуы керек, Чемпиондар лигасына кім баратынын анықтауымыз қажет. Алдын ала аяқтау мәселесі қарастырылмайды да», – деді департамент директоры.