231
Оңтүстік Кореяда төбелес ұйымдастырған 19 қазақстандық ұсталды (видео)
Оңтүстік Кореяда төбелес ұйымдастырған 19 қазақстандық ұсталды (видео)
Оңтүстік Кореяда заңсыз жүрген қазақстандықтар төбелес ұйымдастырып, жергілікті БАҚ-тың назарына ілінді. Отандастарымыздың тәртіпсіздігі таспаланған видео әлеуметтік желілерде кең тарады.
Төбелес кезінде Оңтүстік Кореяның тәртіп сақшылары Қазақстанның 19 азаматын ұстаған.Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.
«18 сәуір күні Оңтүстік Кореядағы қаланың бірінде Қазақстан Республикасы азаматтарының қатысуымен төбелес болған. Қазақстан азаматтары ол жерде заңсыз жүрген. Оңтүстік Кореядағы ҚР Елшілігінің консулдық бөлімі болған оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Біздің дипломаттар аталмыш мәселені бақылауда ұстауда. Жергілікті полициямен және көші-қон қызметімен байланыста жұмыс жүргізіп жатыр», - деді СІМ өкілі.
https://www.youtube.com/watch?time_continue=1&v=A68JDwstUfc&feature=emb_logo