284
Ресейде 60 мың адам коронавирус жұқтырды
Ресейде 60 мың адам коронавирус жұқтырды
Соңғы тәулікте Ресейде коронавирус жұқтырудың 5236 жаңа дерегі тіркелді. Елде бір күн ішінде 57 науқас көз жұмып, 547 адам емделіп шықты. Бұл туралы Ресейдің коронавируспен күрес жөніндегі жедел штабы хабарлады.
Елде індет жұқтырғандардың жалпы саны 57 999-ға жетті. Олардың 513-і қайтыс болды. Кеселге шалдыққандардың 4420-сы дертінен айықты.
Бұған дейін ДДСҰ Ресейде коронавирустан көз жұмғандар саны әлемдегі ең төменгі көрсеткіштердің бірі екенін мәлімдеген болатын.
Айта кетейік, Қазақстанда 2047 адамнан коронавирус анықталды.
Індетке шалдыққан отандастарымыздың 505-і емделіп шықты. Дерті асқынған 19 адам көз жұмды.