535
Тілеухан Әбілдаев қызметінен кетпейтін болды
Тілеухан Әбілдаев қызметінен кетпейтін болды
Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетуге өз еркімен өтініш білдірген Тілеухан Әбілдаев жұмысын жалғастыратын болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Facebook желісінде хабарлады.
Бұған дейін Елжан Біртанов оңтүстік астанының ҚДСБ-ның төрағасы қызметіне тағайындалған Надыровтан коронавирус анықталғанын мәлімдеген. Бүгінгі күні шенеунік ем алу үшін ауруханаға жатқызылды.
Министрдің хабарламасында Әбілдаевтың коронавирус инфекциясының кеңінен тарап, қаладағы жағдайдың ушығып кетуіне байланысты өз қызметінен кету жөнінде шешім қабылдағаны жазылды. Оның орнын Қамалжан Надыров алмастыру керек болған еді. Алайда, шенеуніктен адам өмірі үшін аса қауіпті вирус анықталғандықтан, бұл кадрлық ауысу орын алмады. Нәтижесінде Тілеухан Әбілдаевтың отставкасы тоқтатылып, ол өз қызметін қайта жалғастыратын болды. Бұл шешім Алматы әкімінің келісімімен қабылданды.