Болат Жәмішев жаңа қызметке тағайындалды

Болат Жәмішев жаңа қызметке тағайындалды

Болат Жәмішев жаңа қызметке тағайындалды
ашық дереккөзі
352
Экономист Болат Жәмішев әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды. Бұл туралы Қордың Алматы қалалық филиалы хабарлады. Филиал мәліметінше, бұған дейін кеңеске Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жетекшілік етіп келген болатын. Болат Жәмішев әр жылдары ҚР Қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі төрағасы, ҚР Қаржы министрі, ҚР Өңірлік даму министрі, «Қазақстанның даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы қызметтерін атқарған. Сондай-ақ, МСҚ Директорлар кеңесінің құрамына жаңа мүшелер енді. Атап айтқанда, экономист Жақсыбек Күлекеев пен «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары, қаржыгер Юлия Якупбаева Қордың тәуелсіз директорлары болып сайланды. Қазіргі уақытта кеңеске тәуелсіз директорлар - Ораз Жандосов, Гинтарас Кацявичюс, Жақсыбек Күлекеев, Юлия Якупбаева, Болат Бәбенов, сондай-ақ кеңес мүшелері - Елжан Біртанов, Берік Шолпанқұлов және Айбатыр Жұмағұлов енген.  

Серіктес жаңалықтары