"Бәрін бірден ашу – жауапсыздық": Италия премьері карантин қашан аяқталатынын айтты

"Бәрін бірден ашу – жауапсыздық": Италия премьері карантин қашан аяқталатынын айтты

"Бәрін бірден ашу – жауапсыздық": Италия премьері карантин қашан аяқталатынын айтты
ашық дереккөзі
342
Италияда соңғы тәулікте 2256 адамнан коронавирус анықталған. Бұл соңғы айдағы ең төменгі көрсеткіш. Бүгінде елде індет жұқтырғандардың жалпы саны 180 мыңнан асып жығылды. Вирус жұқтырудың жаңа деректері азая бастағанымен, Италияда өлім көрсеткіші керісінше артқан.  Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, бір күннің ішінде 454 адам вирус құрбаны болды. Жалпы індеттен 24 мыңнан аса адам көз жұмды. Италия елі коронавирус жұқтырған науқастар саны бойынша әлем елдерінің ішінде алғашқы үштікте. Десе де, ел билігі карантин шараларын жеңілдетуге қамдануда. Кеше Италияның премьер-министрі Джузеппе Конте Үкіметтің карантин режимін айтарлықтай жеңілдету жөніндегі жоспар бойынша жұмыс істеп жатқандығын мәлім етті. Оған сәйкес, шектеу шаралары 4 мамырдан бастап жеңілдетілмек. Бұл туралы ANSA агенттігі хабарлады. «Осы аптаның соңына дейін мен бұл жоспардан сіздерді хабардар етіп, нақты құрылған бағдарламаны бүге-шігесіне дейін таныстыра алам деген ойдамын»,-деп хабарлады Конте өзінің Facebook-парақшасында. Премьер-министрің пікірінше, ел азаматтарының басым көпшілігі карантиннен шаршады және олар шектеу шараларының қысқартылғанын, тіпті мүлдем алынып тасталғанын қалайды. «Ол үшін бөлшек сауда компаниялары мен мекемелері тезірек жұмысын бастауы керек. Мен де «бәрін бірде ашайық» деп айтқым келеді. Бірден. Бірақ бұл жауапсыздық болар еді. Бұның соңғы вирустың өршуіне әкеліп соғатын еді. Сөйтіп, ол осы уақытқа дейін істеген істеріміздің тиімділігін нәтижесін жоққы шығарар еді», - деп атап өтті Премьер-министр. Сонымен қатар Конте аймақтық ерекшеліктері ескеріле отырып, ұлттық жоспар жасалатынын айтты. Оның айтуынша, қарбалас кезінде халықты қозғалысты шектеуге шақырып, тіпті «балама транспорт түріне басымдық берілуі керек». Италияда карантин наурыздың басында енгізілген болатын. Шектеу шаралары 4 сәуірде алынады деп жоспарланған болатын, алайда індеттің басылмауына байланысты ел билігі шектеу шараларының мерзімін ұзартты. Айта кетейік, Қазақстанда карантин мамыр айында да созылуы мүмкін. Денсаулық сақтау министрі Е.Біртановтың айтуынша, қауіпсіздікті сақтамаса мамыр айындағы ахуал тіпті қиындап кетуі әбден ықтимал.

Серіктес жаңалықтары