242
Алматыдағы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшыса тағайындалды
Алматыдағы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшыса тағайындалды
ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшылығына тағайындалды, – деп жазды ҚазАқпарат.
2019 жылдың қарашасынан бері басқарманы басқарып келген Тілеухан Әбілдаев қызметінен өз еркімен кетті.
Камалжан Надыров 1983 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медицина университетін, Тұран университетін, Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебін тәмамдаған.
Түрлі жылдары Duke University, «The Fuqua School of Business» (АҚШ), «Parkway College» (Сингапур), «Florence Nightingale» (Түркия) клиникалар тобынан, «Oxford «Social Health Insurance system» (Германия) оқудан өткен.
2007-2014 жылдары Б.О.Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығында клиника ординаторы, бөлім меңгерушісі, бас директордың орынбасары қызметтерін атқарды.
Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымында 2014 жылдан бері жұмыс істейді. Медициналық қызметтерді стандарттау департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды.
2016-2017 жылдар аралығында Республикалық диагностикалық орталықты басқарды – «University Medical Center» филиалының директоры болды.
2017-2018 жылдары – Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
2018 жылғы наурыздан 2019 жылғы наурызға дейін Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметін атқарды.
2019 жылғы наурыздан бастап қазіргі таңға дейін ҚР денсаулық сақтау вице-министрі лауазымын атқарды.
Айта кету керек, коронавирус инфекциясының дәрігерлер арасында жаппай өршуіне байланысты Алматыда даулы жағдай туындады. Осыған байланысты Орталық клиникалық қалалық аурухананың жұмысына байланысты эпидемиологиялық тексеру басталды.
Бұл даулы жағдайдан соң қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымова да қызметінен кеткен болатын.