Бүгін ауа райы қандай болмақ?
 
								
                                                                                                Бүгін ауа райы қандай болмақ?
                                                                                                                                Қазгидромет 21 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Қазақстанның басым бөлігіне антициклон ықпалы әсер етіп, соған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Циклонның әсерінен елдің батысы, солтүстік-батысы және қиыр солтүстігінің кей жерінде жаңбыр жауады, найзағай күтіледі.
Күндіз Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Маңғыстау, Атырау облыстарында шаңды дауыл соғады.
Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман күтіледі, түнде Солтүстік Қазақстан, күндіз Ақтөбе облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
                                                                                    
                        
                        
                     
                                             
                                             
                                             
                                             
                                             
                                             
                                         
                                        