Қандастар қазақ гимнастикасын бастады

Қандастар қазақ гимнастикасын бастады

Қандастар қазақ гимнастикасын бастады
ашық дереккөзі
572
«Отандастар қоры» мен Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы «Айкүне» қазақ гимнастикасы орталығымен бірлесе 20 сәуірден бастап жаңа жобаны жүзеге асырады. Жобаның басты мақсаты – карантин режимінде үйде отырған қандастарымыздың уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасау. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген халықтық қағидаға сай деніміз сау-саламат болуы үшін білікті мамандардың көмегі керек-ақ. Осы орайда ел іші мен шетелдегі қандастарға арнап «Айкүне» қазақ гимнастикасы орталығының жетекшісі әрі орталықтың негізін қалаушы Абай Ахатұлы қазақ, орыс, ағылшын тілінде тегін онлайн курс өткізеді. Абай Ахатұлы денсаулық сақтау саласында ұзақ жылдар қызмет атқарып, емші, сынықшы ретінде елге кеңінен танылған тұлға. Ол іргесін қалаған «Айкүне» қазақ гимнастикасы Ресей Ғылым академиясында жоғары бағаланып, Санкт-Петербургтегі білім беру комитетінде патенттелген. Абай Ахатұлы өз қызмет жолында 1996 жылы «Дәстүрлі медицина шебері», 1997 жылы «Ресейдің үздік емшісі» атағына ие болған. Бүгінде «Айкүненің» жаттығулары 11 000 асады. Ғажабы сол, «Айкүненің» басты жаттығулары қазақ руларының атауымен аталған. Адам омыртқасы – тұла бойдың тірегі, оның ауытқуы адамды тез шаршатып қана қоймай, психикасына кері әсер етіп, депрессия мен бас ауруы, жүрек-тамыр аурулары, сколиоз, жарық (грыжа) сынды дерттерге шалдықтырады. Сол себепті «Айкүне» әдістемесі адамның физикалық және психологиялық жай-күйіне жақсы әсер етіп, адам бойына оң ықпалын тигізеді. «Айкүне» – омыртқа проблемаларын хирургиялық араласусыз-ақ емдеудің таптырмас жолы. Оны мынадай ауытқуларда жасаған жөн: Адамның иммунитеті мен физикалық жағдайын жақсарту мақсатында: – Зат алмасудың бұзылуы; – Ішкі құрылыстың қызметінің бұзылуы; – Ағзадағы эндокриндік жүйенің бұзылуы; – Бұлшық ет тепе-теңдігін қалпына келтіру; – Тыныс алу жүйесінің бұзылуы; – Көз және құлақ аурулары; – Тез шаршап-шалдықса; – Жүрек-тамыр жүйесінің бұзылуы; – Инфаркт пен инсульттен кейінгі оңалту; – Түрлі жарақаттардан кейінгі оңалту; – Сымбаты (фигура) мен дене қалпын дұрыстау. Омыртқа және буын аурулары жағдайында: – Остеохондроз; – Сколиоз; – Артрит, артроз; – Омыртқаның созылмалы ауруларының алдын алу; – Омыртқа ауруларын отасыз емдеу; – Омыртқаның дегенерациялық аурулары кезіндегі кешенді емдеу. Сондай-ақ, «Айкүне» жаттығулары төмендегідей жағдайларда көп көмек береді: – Балалардың церебралды сал ауруы (ДЦП) – Коронавирусты жұқтырғандардың иммунитетін арттыру. «Айкүне» гимнастикасы сіздің сыртқы және ішкі әлеміңізді қалпына келтіріп, оны тепе-теңдікте сақтауға көмектеседі. Омыртқаның түзелуі, жүйке тамырлары мен бұлшық еттердің емін-еркін қозғалуына мүмкіндік беріп, адам бойындағы барлық қарым-қабілеттерді шыңдауға жәрдемдеседі. «Айкүне» сауықтыру гимнастикасы омыртқа, көз, құлақ, жүйке жүйесі, түрлі жарақат алғаннан кейінгі қайта бейімделуге септігін тигізіп, буын ауруларынан айықтырады, денге саулық, дертке шипа болады. Ел сенімін еселеп арттырып, жанға дауа болған «Айкүне» қазақ гимнастикасы орталығының бөлімшелері Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Орал, Павлодар, Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе, Көкшетау, Атырау, Тараз, Өскемен қалаларында ашылған. Тікелей эфир: ZOOM платформасында аптасына екі рет өткізіледі.  width=    

Серіктес жаңалықтары