268
15 мың теңге: Алматыда 60 мыңнан адам өтемақы алатын болады
15 мың теңге: Алматыда 60 мыңнан адам өтемақы алатын болады
Алматыда 60 мыңнан аса тұрғын коммуналдық қызметтерді төлеу үшін өтемақы алатын болады. Бұл туралы қалалық Энергетикалық тиімділік басқармасының басшысы Әсет Масабаев онлайн брифинг барысында айтты.
«Қазір қалада бұл тізім жасалды. Алматы бойынша тізімде 60 мыннан астам адам бар. Бұл тізімге АӘК алатын отбасылар, 1-2-3 топ мүгедектері, мүгедек бала асырап отырған отбасылар, көпбалалы отбасылар, ҰОС ардагерлері мен қатысушылары, оларға теңестірілген тұлғалар бұл қаражатты ала алады. Коммуналдық қызметті өтеуге дербес шоты бар осындай тұлғаларға 15 мың теңгеден 2 айға бөлінеді. Сәуірдің коммуналдық қызмет ақысы мамырда, мамыр айының төлемі маусымда келеді. Бұл жерде ешқайда асығу жоқ», – деді қалалық Энергетикалық тиімділік басқармасының басшысы Әсет Масабаев.
Оның айтуынша, жақында осы сұрақтарды анықтау үшін 341 0527 жедел желісі ашылады.