438
Көмекке мұқтаж отбасына көмек көрсетілді
Көмекке мұқтаж отбасына көмек көрсетілді
Павлодар қаласының тұрғыны Марғуаш Абдығалимова есімді азаматша Nur Otan партиясына қаржылай көмек көрсетуін сұрап жүгінген.
Онда көмекке мұқтаж жан отағасының денсаулығына байланысты өз бетінше қозғала алмайтынын және екі баланың, яғни ұл мен қызының да 1-топ мүгедектері екенін жеткізген. Анықтама үшін арнайы реквизиттерін де қалдырған.
Көп ұзамай, көмек сұраған жазба иесіне партия тарапынан мәселені шешу жолдары қарастырылып жатқандығы жеткізіліп, нәтижесінде Nur Otan партиясының Павлодар облыстық филиалы «BizBirgemiz» отбасына бірден азық-түлік жиынтығымен қолдау көрсетіп, сондай-ақ, «Біргеміз» қоғамдық қорынан балалардың есеп-шоттарына 50 мың теңге көлемінде қаржылай көмек аударылды.
Аталған отбасы партия мүшелеріне төтенше жағдай кезінде көрсеткен қолдаулары үшін ризашылықтарын білдірді.
Әсел Жақсыбай