243
«Бақытты отбасы»: көпбалалы отбасынан шыққан оқушыларға смартфон сыйға берілді
«Бақытты отбасы»: көпбалалы отбасынан шыққан оқушыларға смартфон сыйға берілді
Қарағанды облысы Үштөбе орта мектебінде оқитын көпбалалы және аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылардың ата-аналары Nur Otan партиясынан көмек сұрады.
Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты оқыту жүйесі онлайн форматқа ауысты, сәйкесінше оқу бағдарламасынан қалмау үшін заманауи гаджеттер мен интернет желісі қажет. Алайда, кей отбасының мұндай техникалық құрылғыларды сатып алуға қаржылық мүмкіндігі жоқ. Бұл орайда, балалар қашықтықтан оқу процесіне толыққанды араласа алмай отыр.
Партияның «Бақытты отбасы» жобасы шеңберінде Nur Otan партиясы депутаттық фракция мүшесі, Бұхар жырау аудандық маслихатының депутаты С.Артықбаева көпбалалы отбасылар – Есенбаева, Амрин және Аманжановқа екі смартфон және бір планшет сатып алып берді.
Ал С.Шабанов пен М.Жамиеваға Үштөбе орта мектебінің ұжымы мен түлектерінің атынан интернет желісіне қосылған, тарифі төленген смартфондар сыйға берілді.
Ата-аналар партиялықтарға алғысын білдірді және бұл сыйлықтар балаларды жақсы оқуға ынталандыратынын атап өтті.