Израильде көшеде дұға оқуға және спортпен айналысуға рұқсат етілді

Израильде көшеде дұға оқуға және спортпен айналысуға рұқсат етілді

Израильде көшеде дұға оқуға және спортпен айналысуға рұқсат етілді
ашық дереккөзі
281
Израиль билігі карантин режимін жеңілдету туралы шешім қабылдады. Бұл туралы елдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мәлімдеді. Үкіметтің шешімі бойынша мемлекетте кәсіпорындар жұмыстарын қайта бастап, ашық алаңқайдағы дүкендер ашылады. Ал ірі сауда орындары әзірге ашылмайды. Сондай-ақ, кір жуу орындары, киім тігу және аяқ киім жөндеу шеберханаларының жұмыс істеуіне рұқсат беріледі.  Аталмыш орындарға бір мезетте кірушілер санына шектеу қойылады. Израильде қоғамдық көлік қозғалысы біртіндеп қалпына келтіріледі. Сонымен қатар, көшелерде дұға оқуға рұқсат беріледі. Алайда жиналушылар қатары 19 адамнан аспауы тиіс деген талап қойылған. Израиль тұрғындары сыртқа шығып, спортпен де айналыса алады. Десе де, ел азаматтарына екі адамнан көп жиналуға және үйден 500 метр қашықтықтан артық ұзауға болмайтыны ескертілген. Үкімет басшысының айтуынша, жаңа ережелер 3 мамырға дейін күшінде болады. Егер осы уақыт аралығында індет қайта өршісе, карантин режимі қатаңдатылмақ. Соңғы дерек бойынша, Израильде 13 362 адам коронавирус жұқтырған. Олардың 171-і көз жұмды. Айта кетейік, 20 сәуірден бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыда да бірқатар кәсіпорындардың жұмысы қалпына келтіріледі. Үкімет санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, жұмысын бастайтын қызмет түрлерінің тізімін бекіткен.  

Серіктес жаңалықтары