42 500 теңгені заңсыз алғандар жауапқа тартыла ма? – министр жауабы

42 500 теңгені заңсыз алғандар жауапқа тартыла ма? – министр жауабы

42 500 теңгені заңсыз алғандар жауапқа тартыла ма? – министр жауабы
ашық дереккөзі
260
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Facebook-парақшасында 42 500 теңге әлеуметтік төлем алу кезіндегі азаматтардың жауапкершілігі туралы айтты. «Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде азаматтарды жауапкершілікке тартатындай құзырет жоғын бірден айтайын. Бізде мемлекеттік еңбек инспекциясы бар еді. Оны 2013 жылы әкімдердің құзырына берді. Сол себепті біреуді жауапқа, болмаса қылмыстық жауапкершілікке тарта алмаймыз», – деді министр. Ведомство басшысы 42 500 теңге әлеуметтік төлем кімдерге арналғанын тағы еске салды. «Төтенше жағдай енгізілген уақыттан бері кірісін жоғалтқан азаматтар, айлық еңбекақысы сақталмай демалысқа жіберілген жалдамалы жұмысшылар әлеуметтік төлем (42500 теңге) алуға құқылы екенін айтып, түсіндіріп келеміз. Алғашқы күннен бұйрықта да (ереже) осылай жазылды және ол өзгерген емес! Өкінішке қарай, жұмысын істеп, айлығын алып жүрген жұмысшылардың көбі (яғни оларды айлығы сақталмайтын демалысқа ешкім жібермеген) 42 500 теңгеге өтінім бергені анықталды. Ережеге сәйкес, сізде бұл төлемді алу құқығы жоқ болған! Маған кейбіреулер «онда неліктен сіздер бізге төлем аудардыңыздар?» деп сұрақ қояды. Себебі өзіңіз (немесе жұмыс берушіңіз) өтінім беріп отырсыз. Ол өтінімде жұмыс беруші айлығыңыз сақталмайтын демалысқа жібергенін, кірістен айырылғаныңызды жаздыңыз», – деді Біржан Нұрымбетов.

Серіктес жаңалықтары