Bek Air компаниясы ұшу сертификаттарынан айрылды

Bek Air компаниясы ұшу сертификаттарынан айрылды

Bek Air компаниясы ұшу сертификаттарынан айрылды
ашық дереккөзі
243
Қазақстанның авиация әкімшілігі «Бэк Эйр» АҚ-ның пайдаланушы және әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы сертификаттарын қайтарып алды. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Заңның 12 бабының 5-тармағына, 16-9 бабы 2-тармағының 10 тармақшасына сәйкес, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ жіберген кемшіліктерді жою туралы нұсқауларды орындамауына байланысты «Бек Эйр» АҚ-ның пайдаланушы сертификаты кері қайтарып алынды. Сондай-ақ, «Бек Эйр» АҚ-ның 9 Fokker әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификаттары кері қайтарылды. Пайдаланушы және жоғарыда көрсетілген әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы сертификаттырын алу үшін әуе компаниясы қайтадан толық сертификаттау рәсімінен өтуі қажет»,-делінген хабарламада. Сондай-ақ онда осыған дейін «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ Бас көлік прокуратурасымен бірлесіп «Бек Эйр» әуе компаниясының қызметіне жоспардан тыс тексеру жүргізіп, нәтижесінде ұшу қауіпсіздігіне әсер ететін өрескел заң бұзушылықтарды анықталғандығы айтылған.  

Серіктес жаңалықтары