Ресейде 9 мамырға жоспарланған Жеңіс шеруі кейінге шегерілді

Ресейде 9 мамырға жоспарланған Жеңіс шеруі кейінге шегерілді

Ресейде 9 мамырға жоспарланған Жеңіс шеруі кейінге шегерілді
ашық дереккөзі
314
Мәскеуде 9 мамырға жоспарланған Жеңіс шеруі кейінге қалдырылды. Бұл туралы президент Владимир Путин Қауіпсіздік кеңесінің отырысында мәлімдеді. Жеңістің 75 жылдығына арналған салтанатты шараның нақты қай күні өтетіні белгісіз. Десе де, Ресейдің Федерация кеңесінің төрағасы В.Матвиенко әскери шерудің міндетті түрде өткізілетініне сендірді.  "Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери шеру биыл міндетті түрде өтетінін сеніммен айта аламын және ол кең көлемде және Қызыл әскердің, КСРО халықтарының ерен ерлігіне сай барлық сән-салтанатымен өтетін болады. Шерудің мерзіміне келсек, ол коронавирусқа қатысты ахуалдың дамуына байланысты болмақ. Жақын күндері ел билігі бір шешім қабылдайды, біз ол туралы хабарлаймыз", - деді В. Матвиенко.  Соңғы тәулікте Ресейде коронавирустан 48 адам қаза тауып, індет құрбандарының жалпы саны 246 адамға жетті. Ал қауіпті вирусты жұқтырғандардың жалпы саны 27 мыңнан асып жығылды. Айта кетейік, Қазақстанда 1402 адамнан коронавирус анықталды. Індеттен 277 адам емделіп шықты. 17 отандасымыз көз жұмды. 

Серіктес жаңалықтары