Қарағанды маңында әскери ұшақ апатқа ұшырады
								
                                                                                                Қарағанды маңында әскери ұшақ апатқа ұшырады
                                                                                                                                Қарағандыға жақын аумақта МИГ-31 әскери ұшағы апатқа ұшырады. 
Оқиға аэродромға таяу маңда болған. Қазақстан әуе күшетеріне тиесілі әуе техникасы жауынгерлік кезекшілікке әзірлікті пысықтау мақсатында ұшып шыққан екен. Ұшқыштар аман-есен. Ұшақтың өзі елді мекеннен аулақ ашық далаға құлаған.
Әскери ұшқыштар тұрғындарға қауіп төндірмеу үшін  әуе кемесін жазық далаға қарай бұрған. 
Толық мән-жайды тексеруге Қорғаныс министрі апатты тергейтін комиссия тағайындады.
Оқиға орнына Қазақстан әскери-әуе күштерінің іздестіру-құтқару қызметі барды.