Жапонияның барлық аумағына төтенше жағдай режимі енгізілді

6 мамырға дейін Жапонияның барлық аумағында төтенше жағдай режимі енгізілді, деп хабарлайды NHK.

Коронавирустың таралуына байланысты 7 сәуірден бастап Токио, Осака және елдің тағы бес префектурасында төтенше жағдай жарияланған еді. Мектептердегі сабақтар мен көпшілік іс-шаралар өткізуге тыйым салынды. Алайда Жапонияда адамдардың қозғалысына ешқандай шектеулер қойылған жоқ.

Бүгінде  елде коронавирус жұқтырғандар саны 9 мыңнан асқан. Соңғы тәулікте 500-ден астам адамның індетке шалдыққаны анықталды. Бұдан бөлек, Diamond Princess круиздік лайнерінде 712 адам вирус жұқтырған болатын.

Жапонияда коронавирус құрбандарының жалпы саны – 191. Оның ішінде 13 адам – круиздік лайнер жолаушылары.

Айта кетейік, Қазақстанда 1362 адамнан қауіпті вирус анықталды.  Індеттен 277 адам емделіп шықты. Дерті асқынған 17 науқас көз жұмды.

Back to top button