Медицина қызметкерлеріне 3,2 млрд теңге үстемақы төленді

Медицина қызметкерлеріне 3,2 млрд теңге үстемақы төленді

Медицина қызметкерлеріне 3,2 млрд теңге үстемақы төленді
ашық дереккөзі
203
Қазақстанда 16 мыңнан астам медицина қызметкеріне 3,2 млрд теңге үстемеақы төленді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева мәлімдеді. «Қазақстанның 17 өңірінде медициналық ұйым қызметкерлеріне үстемеақы толық көлемде төленген. 16 500 қызметкерге жалпы 3,2 млрд теңге төленді. Одан бөлек, әр өңірде провизорлық стационар орналасқан. Осылайша, инфекция жұққан немесе белгілері байқалған науқастарға көпбейінді стационар жағдайында медициналық көмек көрсетіледі», - дейді вице-министр. Л.Ақтаева медициналық қызметкерлерге үнемі қорғаныс құралдарымен жүру міндеттелгенін атап өтті.  Айта кетейік, соңғы дерек бойынша, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 1295-ке жетті. Індеттен 240 адам емделіп шықты. 16 адам көз жұмды.   

Серіктес жаңалықтары