Қазақстаның бірқатар өңірінде ескерту жарияланды

/
Қазақстаның бірқатар өңірінде ескерту жарияланды
ашық дереккөзі
Қазақстаның бірқатар өңірінде ескерту жарияланды Қазақстаның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, – деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. Маңғыстау облысында 16 сәуір күндіз кей жерде шаңды дауыл соғып, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ақтауда күндіз шаңды дауыл соғады, солтүстік-батыстан ескен желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Ақтөбе облысы мен Ақтөбеде оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Атырау облысында оңтүстіктен соққан желдің бағыты солтүстік-батысқа ауысып, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді. Жамбыл облысында 16 сәуір түнде, 17 сәуір күні солтүстік және таулы аудандарда күн суытады, 1 градус аяз болады. 16 сәуір күні найзағай ойнап, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетуі ықтимал. Кей жерге тұман түседі. Таразда 16 сәуірде тұман түседі. 16 сәуірде Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді. Көкшетауда оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15 м/с болады. Қостанай облысының кей жерінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде кей жерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с болады деген болжам бар. Қостанайда оңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы 15-20 м/с болады.
Бөлісу: