227
2,7 миллионнан астам адам 42 500 теңгеден әлеуметтік төлем алды
2,7 миллионнан астам адам 42 500 теңгеден әлеуметтік төлем алды
2,7 миллионнан астам адамға төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлем тағайындалды.
«2 млн 708 мың 666 адамға ТЖ кезеңінде табысынан айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) әлеуметтік төлем тағайындалды. 15 сәуір сағат 15:00-дегі жағдай бойынша ТЖ кезеңінде табысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем тағайындау үшін 5 млн 334 мың 224 азаматтан барлығы 6 млн 837 мың 393 өтініш келіп түсті. Осылайша, 1 млн 503 мың 169 қайталанатын өтінім тіркелді», – делінген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінде.
Өңірлер бойынша келесі облыстардың тұрғындарына жәрдемақы ең көп тағайындалған: Алматы облысы – 411 573; Түркістан облысы – 300 996; Алматы қаласы – 291 439.
«Деректерді тексеру және өтінішті қарау мерзімі 3 жұмыс күнін құрайды. Өтініштерді қарау мерзімдерінің ұлғаюына жол бермеу мақсатында азаматтардан өтінішті бір рет жіберуді сұраймыз. МӘСҚ-та төлем жасау туралы шешім қабылданғаннан кейін өтініш берушіге SMS-хабарлама келеді. Кейіннен өтініш берушінің деректері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ға, сосын екінші деңгейдегі банктерге төлем жүргізу үшін жібереді», – деп аталып өткен хабарламада.
Әлеуметтік төлем алуға өтінімді eGov порталы, 42500.enbek.kz веб-сайты және https://t.me/Help42500Bot адресі бойынша Telegram-бот арқылы беруге болады.