211
Карантин: Денсаулық сақтау басқармасының басшысы жұмысында қонып жүр
Карантин: Денсаулық сақтау басқармасының басшысы жұмысында қонып жүр
Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев 14 күнге оқшауланған. Қазір ол жұмысына қонып жүр.
ҚазАқпараттың жазуынша, басқарма басшысы онлайн брифингте: «6 күн бұрын орталық клиникалық ауруханаға бір науқасты қарауға барғанмын. Сол кезде аталмыш мекеменің бас дәрігері және бөлім меңгерушісімен байланыста болдым. Вирус жұқтырғандармен қарым-қатынаста болуым ықтимал болғандықтан 14 күнге оқшаулануға бел будым», – деді басқарма басшысы.
Тілеухан Әбілдаев карантин басталғалы бері 3 рет тест тапсырған. Үшеуінде де теріс нәтиже көрсетілген.
«Қазір халыққа вирус жұқтырмау үшін кеңсемде қонып жүрмін», – деді басқарма басшысы.