262
«Birgemiz» қорына 19 миллиард теңгеден астам қаржы жиналды
«Birgemiz» қорына 19 миллиард теңгеден астам қаржы жиналды
2020 жылғы 14 сәуірдегі сағат 18.00 жағдайға сәйкес «Birgemiz» қорының шотында 19 099 866 299 теңге жинақталды.
Бүгін қор есебіне «Bazis Construction» ЖШС (130 000 000 теңге), «Жаңа Тәңсәрі» ЖШС (11 000 000 теңге), «KAT Construction» ЖШС (24 000 000 теңге), «MIRAS Building» ЖШС (11 000 000 теңге), «Deluxe Construction» ЖШС (12 000 000 теңге) және өзге де ұйымдардан қаражат түсті.
Сондай-ақ, жеке тұлғалар – Г.Өмірзақова, Г.Таджияков, К.Оркашбаев, С.Ержанова, И.Кожумова, А.Саенко, С.Аликова мен Б.Мамытовтан 424 402 теңге көлеміндегі ерікті жәрдем түсті.
Қор шығыстары бүгінгі күні – 8 259 750 000 теңге:
- 531 000 000 теңге (шарт соммасының 90%-ы) көлемінде қаражат Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның ұсынысымен СК «Фармация» үкіметтік операторына 5 миллион дана маска сатып алу үшін жіберілді (03.04.2020 ж.);
- 7 623 150 000 теңге барлық облыстар, елорда мен республикалық маңызы бар қалалардағы «Birgemiz» қорының шоттарына халықтың әлеуметтік әлсіз санатына кіретін мұқтаж жандарға (150 мыңнан астам) 50 мың теңгеден қаржылық қолдау көрсету мақсатында жіберілді (03.04.2020 ж.);
- 105 600 000 теңге Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында коронавируспен күреске жұмылдырылған медициналық қызметкерлерге төлем үшін медициналық мекемелердің шоттарына жіберілді (07.04.2020).