Балық аулауға қайықпен шыққан екі адам суға кетті

Балық аулауға қайықпен шыққан екі адам суға кетті

Балық аулауға қайықпен шыққан екі адам суға кетті
ашық дереккөзі
1989
Жаңақорған ауданы №24 теміржол бекеті аумағындағы Қаракөл көлінде 35 жастағы азаматтың қайығы аударылды. Соның салдарынан ол суға батып кетті. Тұрғындардың көмегімен денесі жағаға шығарылды. Осыған ұқсас жағдай Арал ауданы Қарашалаң елдімекені аумағында да болды. Ол ауыл аумағындағы көлде қайықтан құлап, суға кетті. Оның денесін де тұрғындар жағаға алып шықты. «Балық аулауға шыққандар көп жағдайды сақтық шараларын ұмытып кетіп жатады. Бұл орны толмас оқыс оқиғаларға алып келеді. Қазір бұдан бұрын суға кеткен 5 адамның денесі табылмай жатыр. Жұртшылықтан сақтық шараларын қатаң сақтауын сұраймыз»,  – деді Өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметі ММ бастығының орынбасары, жедел-құтқару жасағының басшысы Бақыт Ембергенов.

Серіктес жаңалықтары