318
Дәрігерлер коронавирусты науқастардан жұқтыруы мүмкін – Денсаулық басқармасы
Дәрігерлер коронавирусты науқастардан жұқтыруы мүмкін – Денсаулық басқармасы
Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев дәрігерлер коронавирусты пациенттерден жұқтыруы мүмкін екенін айтты.
«Дәрігерлермен байланыста болған барлық адамдардың диагнозы анықталуда. Вирусты олар пациенттерден де жұқтыруы мүмкін, өйткені олар шұғыл медициналық көмек көрсетуді жалғастырып отырды. Олардың ішінде ауру белгілері білінбейтін пациенттер де болуы мүмкін», – деді Тілеухан Әбілдаев.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта аталған факті бойынша эпидемиологиялық тексеру жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, медицина қызметкерлерін тексеріп-қарау бойынша барлық шаралар қолданылуда.
Барлық қалалық клиникалардың ішінде қызметкерлерді коронавирусқа міндетті түрде тексеріп-қараумен эпидемияға қарсы іс-шаралар күшейтілді.
Айта кету керек, Алматыда 116 дәрігер коронавирус жұқтырғанын мұның алдында жазған болатынбыз.