Моңғолиядағы қандастар Президентке алғыс жолдады

Моңғолиядағы қандастар Президентке алғыс жолдады

Моңғолиядағы қандастар Президентке алғыс жолдады
ашық дереккөзі
285
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Моңғолия жеріндегі қандастарымыздың алғысын арқалаған хаты келіп түсті. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли желідегі парақшасында жазды.  Хатта қандастарымыз осынау қиын қыстау заманда Қазақстанға білім алу үшін келген қаракөздерге қамқорлық көрсетіп, барлық жағдай жасап отырған мемлекетімізге, осындай жағдайдың жасалуына пәрмен беріп, бақылауда ұстап отырған Президентке өз ризашылықтарын білдірген. «Сізге қиырдағы Моңғолия мемлекетінде мекен еткен қазақ қандастарыңыздың атынан дұғай сәлем! Қызметіңізге сәттілік пен табыс тілейміз. Қазақстанның абыройы арта берсін! Әлемді жайлаған мына індет тезірек кетіп, ақжарылқап уақыт басталсын деп, Жаратқаннан сұраймыз», – деп басталыпты қандастарымыздың хаты. Бұдан ары Моңғолиядағы індетпен күрес шараларын айта келіп: «Осы шекаралар жабылып, ұшақ ұшпай, көлік жүрмей қалған қиын кезде біздің біраз оқушы баламыз Қазақстан Республикасында қалып қойды. Біз бұған әу баста қатты алаңдадық. Тіпті, уайымдап, әбіржіген кезіміз де болды. Алайда, бұнымыз бекер болып шықты. Ең біріншіден, Президент ретінде Өзіңіздің қамқорлығыңыздың арқасында, екіншіден, Білім және ғылым министрлігі мен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің көмегімен Қазақстанға білім іздеп барған даярлық бөліміндегі ұл-қыздарымыздың тамағы тоқ, көйлегі көк. Олар да ел азаматтарымен бірдей карантин талаптарын сақтап, ақпараттық технология жүйесімен сабақтарын оқып жүр. Мұны телефон арқылы күнде біліп отырмыз. Көңіліміз орнына түсті. «Шүкір!» деп отырмыз.   Ардақты Қасым-Жомарт Кемелұлы! Біздің оқудағы балаларымыз ертең студент, содан кейін маман атанып, Қазақстан-Монғолия ынтымақтастығын одан әрі арттырады деп сенеміз. Ризашылық ниетпен, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің даярлық бөлімінде оқып жатқан Моңғол Ұлысы оқушыларының ата-аналары», – деп, хаттың астына 13 ата-ана қол қойыпты.     width=

Серіктес жаңалықтары