Ақмола облысында қаза тапқан науқасқа қатысты деректер жарияланды

Ақмола облысында қаза тапқан науқасқа қатысты деректер жарияланды

Ақмола облысында қаза тапқан науқасқа қатысты деректер жарияланды
ашық дереккөзі
303
Бүгін Ақмола облысында коронавирустан көз жұмған науқастың екі өкпесі де қабынған. Бұл туралы Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сүлен Ілиясов мәлімдеді.  «Ақмола облысында 13 сәуірдегі жағдай бойынша коронавирустан тағы бір адам көз жұмды. Жалпы алғанда өңірде 71 адам коронавируспен ауырса, оның ішінде төртеуі қайтыс болды», - дейді Сүлен Ілиясов. Басқарма басшысының айтуынша, қайтыс болған 1936 жылы туған ер адам. «Ол әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қамқорлығындағы адам. 5 сәуірден бастап ол Көкшетаудағы теміржол ауруханасындағы провизорлық стационарда карантинде болған. 9 сәуірде диагнозы анықталып, Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансердің жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылған. Ауруханаға түскен кезде жағдайы ауыр болған. Диагнозы екіжақты өкпенің қабынуы, өте ауыр деңгейде. Қосалқы дерттері: артериалды гипертония, жүректің ишемиялық ауруы», - дейді ол. Стационарда 347 науқас жатыр. Cоның ішінде жұқпалы аурулар бөлімінде - 67, правизорлық стационарда - 184, карантин бөлімінде 96 адам жатыр. Үй жағдайындағы карантинде – 662 адам бар.  

Серіктес жаңалықтары