474
Түркістан облысында коронавирус жұқтырған 7 адамның алтауы – бір отбасының мүшесі
Түркістан облысында коронавирус жұқтырған 7 адамның алтауы – бір отбасының мүшесі
Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 7 адамның алтауы бір отбасының мүшесі болып шықты.
Ең үлкені 55 жаста болса, кішісі 10 жастағы бала екен. Ал жетінші адам – Бәйдібек ауданының 33 жастағы тұрғыны. Ол вирус жұқтырған азаматпен жақын байланыста болған. Барлық науқастың жағдайы қанағаттанарлық, деп хабарлайды «Хабар 24».
Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, тиісті ем қабылдауда. Аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде. Осы сағаттағы мәлімет бойынша облыс көлемінде вирус жұқтырғандардың жалпы саны – 43, олардың біреуі 4 сәуірде қайтыс болды.